В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Пергамин / пергамин / pergamin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Pergament, от греч. Πέργαμον, Пергамон) - оқшаулағыш қарақағаз материалдарын алмастырған мұнай битумы сіңірілген жабын картоны. Қарақағазды өндіру кезінде пайдаланылатын қарамайдың канцерогендік деңгейі тым жоғары болғандықтан оны пайдаланудан бас тартқан.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. glassine, әзірб. Glassine, қырғ. пергамин, өзб. glassine
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы пергамин
Ұсыныстар пергамин
Пергамин / пергамин / pergamin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Pergament, от греч. Πέργαμον, Пергамон) - оқшаулағыш қарақағаз материалдарын алмастырған мұнай битумы сіңірілген жабын картоны. Қарақағазды өндіру кезінде пайдаланылатын қарамайдың канцерогендік деңгейі тым жоғары болғандықтан оны пайдаланудан бас тартқан.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. glassine, әзірб. Glassine, қырғ. пергамин, өзб. glassine
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар пергамин
Перфотаспа / перфолента / perfotaspa
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. perforo — «қашалу, тесілу») - қағаз, саңылаулары бар нитроцеллюлоза немесе ацетилцеллюлоза таспалары түрінде болатын ескірген ақпарат тасымалдаушысы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. delіklі bant, әзірб. yumruq tape, қырғ. көтөргөндө, скотч, өзб. musht lenta
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар перфотаспа
Петиция / петиция / peticiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. petіtіo – «өтініш») - билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. dіlekçe, әзірб. ərіzə, қырғ. өтүнүч, өзб. arznoma
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар петиция
Пікір алуандығы, плюрализм / плюрализм / pikir aluandygy, plyuralizm
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. pluralіsm; лат. pluralіs; «көптік», «көптүрлілік») - зздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда түрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттестігі. Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. çoğulculuk, әзірб. plüralіzm, қырғ. плюрализм, өзб. plyuralіzm
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы плюрализм
Ұсыныстар плюрализм
Пікірталас, айтыс / полемика / pikirtalas, aytys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) [еж. грек, polemіkos – «жауыққан, жаугерлік»] - идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама-қарсылығы, күресі, конфронтациясы бар дауласу. Осы тұрғыдан полемиканы қандай да бір мәселеге байланысты принципті түрде қарсылықты пікірлердің әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан пікірін қорғау, оппоненттің пікірін жоққа шығару мақсатында туындайтын жариялы дауласу деп анықтауға болады. Оның жай пікірталастан (дискуссия, диспуттан) айырмашалығы - мақсатты бағыттылығында. Дискуссия, диспуттың қатысушылары пікір алмасу арқылы ортақ пікірге, ортақ шешімге, ақиқатты орнатуды көздесе, полемиканың басты мақсаты - қандай да жолмен қарсыласты тұқыртып, өз көзқарасы мен пікірінің дүрыстығын мойындатып, жеңіске жету. Полемика - көз жеткізе білу, өзін құптату өнері. Ол бойынша әрбір айтылған ой дәлелдермен, дәйекпен, ғылыми пікірлермен толықтырылуы керек. Маңызды, адамзаттық құндылықтарды, адам құқын қорғау, қоғамдық пікірді туғызу, жаңа саяси көзқарастарды қалыптастыру барысында полемика аса қажетті болып табылады
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. tartışma, әзірб. mübahіsə, қырғ. талаш тартыш, өзб. muloxaza
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар пікірталас
Планшетті сканер / сканер планшетный / planshetti skaner
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағыл. scanner, scan - «зерттей қарау, қарап алу» + фр. Planche) - қағаз жүзіндегі құжаттарды электронды форматқа түрлендіруге болатын құрылғы. Әдетте, оқу тетігі қатты корпуспен қорғалған әйнектің астында орналасады. Планшетті сканерлер үйде де, кеңселерде де қолданылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. flatbed Tarayıcı, әзірб. Düz Scanner, қырғ. түрдөгү Scanner, өзб. flatbed Scanner
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар планшетті сканер
Плебисцит / плебисцит / plebiscit
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. plebіscіtum, plebs – «қара халық» және scіtum – «шешім, қаулы»] - жалпыхалықтық дауыс берудің бір түрі. Халықаралық қатынастарда плебисцит - даулы аумақтағы халықтың дауыс беруі арқылы қай мемлекетке қарайтынын анықтау.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. referandum, әзірб. plebіsіt, қырғ. моюнга алышты, өзб. plebіscіte
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар плебисцит
Пленум / пленум / plenum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. plenum, plenus - «толық») - қандай да бір ұйымның, кеңес, комитет не комиссияның басқару органдарының сайланбалы мүшелерінің толық құрамдағы отырысы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. genel kurul, әзірб. plenum, қырғ. пленуму, өзб. plenum
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы пленум
Ұсыныстар м
Постскриптум / постскриптум / postskriptum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "P.S." таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мәтін" деген мағына береді. Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы >1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып қойса, қойылған қолдан кейін "P.S." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол қойылады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "P.S." белгісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, күні көрсетіледі.
Ұсыныстар Түрк. dіpnot, әзірб. PostScrіpt, қырғ. жазыптыр, өзб. PostScrіpt

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов