Термины
Резиденция / резиденция / rezidenciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | [лат.resіdere – «орнында қалу»] - мемлекет, үкімет басшысының, сондай-ақ ірі мемлекеттік әкімшілік қызметтегі тұлғалардың мекені, келген жері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. konut, әзірб. іqamətgah, қырғ. жашаган жер, өзб. yashash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | резиденция |
Рейдтік тексеру / рейдовая проверка / reydtik tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( нидерл. Reede) - экономикалық қарым-қатынастарды жасау барысында тікелей реттейтін заңнамалық актілердің бұзылуын шұғыл анықтауға бағытталған қаржы-шаруашылық қызметті тексеру. Мұндай тексерулерді салық инспекцияларының шұғыл рейдтік бөлімдерінің лауазымды тұлғалары жүргізеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. raіd kontrol, әзірб. raіd çek, қырғ. рейддик текшерүү, өзб. reyd tekshіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | рейдтік тексеру |
Реквизиция / реквизиция / rekviziciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. requіsіtum — «қажетті») — азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады. Төлем мөлшеріне қанағаттанбаған мүлік иесі сот тәртібімен дауласуға және Реквизицияға негіз болған жағдай жойылған соң мүліктің (әлі бар болса) қайтарылуын талап етуге құқылы. Мүлік қайтарылған жағдайда меншік иесі алған төлемін мемлекетке өткізуге тиіс. Бірақ мұндайда мүлік құнының кемігені ескеріледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. talep, әзірб. tələbnamə, қырғ. тартып алуу, өзб. talab |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | реквизиция |
Реконверсиялау / реконверсия / rekonversiyalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (Ре... және лат. conversіo — «айналым, қайтару») - ел экономикасын соғыс аяқталғаннан кейін азаматтық өнім өндірісіне көшіру. Реконверсиялау өндіріс саласындағы, капитал салымдары мен сыртқы сауда айналымындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды, шаруашылық қызметінің заң регламентациясын өзгертуді көздейді. Реконверсиялаумен қатар экономика да қалпына келтіріледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. reorganіzasyon, әзірб. reorganіzasyon, қырғ. курамын кайра даярдоо, өзб. rekonversіyalash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | реконверсиялау |
Рекреация / рекреация / rekreaciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. rесrеаtіо – «қалпына келтіру») — адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту. Рекреацияның тиімділігін арттырудың жолдарын зерттеумен қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салалары (әлеуметтану, экономика, физиология, медицина, архитектура және т.б.) айналысады. Олардың ішінде рекреациялық географияның маңызы зор. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. rekreasyon, әзірб. іstіrahət, қырғ. көңүл ачуу, өзб. dam olіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қалпына келтіру |
Ректо / ректо / rekto
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | басылымда пагинация болған жағдайда тақ сандар қойылатын кітап парағының беткі жағы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. recto, әзірб. recto, қырғ. баш жагы, өзб. recto |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ректо |
Ректор / ректор / rektor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. rector — «билеуші, басшы») — жоғары оқу орнының басшысы. Қайта өрлеу дәуірінде көп сыныпты мектептердің бас мұғалімдері мен меңгерушілері ректор деп аталатын. Францияда да оқу округын («академияны») басқаратын тұлға ректор деп аталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. rektör, әзірб. rektor, қырғ. ректору, өзб. rektor |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ректор |
Ректорат / ректорат / rektorat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. rector — «билеуші, басшы») — ректор басқаратын жоғары оқу орнының басқарушы органы. Ректорат оқу процесін үйлестіру және әкімшілік тұрғыдан қамтамасыз ету қызметтерін, ісқағаздарын жүргізуді жүзеге асырады; жоғары оқу орнының барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, жоғары оқу орнының ғылыми жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. rektörlük, әзірб. rektorluq, қырғ.ректорат, өзб. Rektorat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ректорат |
Релеванттық / релевантность / relevanttyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | тіл бірліктерін (единицаларын) даралап жіктеу функциясына ие болу қасиеті, атап айтқанда, тіл бірліктерін даралау функциясын этникалық денгейдегі тұтас бірлікке емес, тек оның бір бөлігіне қатысты тұрғыда қарастыру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іlgі, әзірб. Aіdіyyət, қырғ. актуалдуу, өзб. dolzarblіgі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | релеванттық |
Рента / рента / renta
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. rente, нем. Rente; лат. reddere — «қайтару, беру», лат. reddіta — «қайтарылған, берілген») — көп мағыналы термин. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Экономикалық рента – өндіріс факторын өндірістік үдеріске тартуға және онда қосымша күш-жігер жұмсамай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұстауға жетерліктей болуы үшін артық төлеу. Өндіріс факторынан алынатын табыс пен қызмет көрсетудің осы көлемін сол фактордың қамтамасыз етуі үшін қажетті ең төменгі сома арасындағы айырма. Экономикалық рентаның экономикалық-теория ұғымын сақтандыру рентасы, мемл. рента, сондай-ақ көбінесе рента деп аталып жүрген жер үшін жалдау ақысы тұрпатындағы қаржы-шаруашылық ұғымдармен шатыстыруға болмайды. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. |
Ұсыныстар | >Қаржы рентасы — бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы. |