Термины
Рента салығы / рентный налог / renta salygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. rente, нем. Rente; лат. reddere — «қайтару, беру», лат. reddіta — «қайтарылған, берілген») — жеке тұлғаның немесе меншік құқығы бойынша мемлекетке тиесілі өндірістік компанияның (атап айтар болсақ, экспорт) жалға алған табиғи ресурстарды пайдаланғандықтан төленетін салық. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kіra vergіsі, әзірб. іcarə vergі, қырғ. ижара салык, өзб. іjara solіq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | рента салығы |
Рента шарты / договор ренты / renta sharty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. reddere – "қайтарып беру, қайтару") - келісім, бұл келісімге сәйкес бір тарап (рентаны алушы) екінші тараптың (рентаны төлеуші) меншігіне мүлік береді, ал рентаны төлеуші алған мүліктің орнына рентаны алушыға белгілі бір ақшалай сома төлеуге немесе оны ұстағаны үшін қаражат беруге міндетті. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kіra sözleşmesі, әзірб. іcarə müqavіləsі, қырғ. ижара келишими, өзб. іjara shartnoma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | рента шарты |
Репарация, төлем / репарация / reparaciya, tolem
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. reparatіo — «қалпына келтіру») — халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысаналық немесе ішінара өтеуі. Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. onarım, әзірб. təmіr, қырғ. четтетүү, өзб. tovon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | репарация |
Репертуар / репертуар / repertuar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. repertoіre, лат. repertorіum — «тізім») бірнеше ұқсас мағыналары бар: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >• Репертуар — белгілі бір уақыт аралығында театр сахнасында қойылатын пьесалар жиынтығы. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >• Репертуар — музыкада кең мағынада алсақ, орындалатын шығармалардың тізімі. Әдетте, бұл нақты бір әртістің немесе шығармашылық ұжымның концерттерде орындайтын музыкалық шығармаларының жиынтығы немесе үйренуге арналған жиынтық (оқу-педагогикалық репертуар). «Репертуар әртісі» деген термин бар, яғни нақты бір репертуарды білетін және оны орындауға қабілетті әртіс, театр актері немесе оркестр музыканты осындай бола алады. Оркестр музыкантының репертуары жеке дауыс және оркестр болып бөлінеді, оркестрмен бірге орындалатын жеке дауыспен айтылатын шығармалар немесе оркестрде орындалатын оркестр партиялары. Әншінің репертуары классикалық репертуар, джаз немесе эстраданы қамтиды. Вокалистердің репертуары әйел және еркек дауысы болып бөлінеді, сондай-ақ нақты дауысқа арналған репертуар: сопрана, тенор, бас және т.б. |
Ұсыныстар | >• Белгілі бір уақыт кезеңіндегі ұлттық баспа өнімдерінің библиографиялық көрсеткіші. |
Репринт / репринт / reprint
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. to reprint — «қайта басу, қайта басып шығару») —мәтіні сақталатын, алайда алдыңғы басылым материалдарының (қағаз, мұқаба) және басылымның (ақаулық, түзетулер, қателер) ерекшеліктері алынбаған көшіру үшін таңдалған кітаптардың, қолжазбалардың және т.б. беттерін қалпына келтіру (сканерлеу) арқылы жүзеге асырылатын басылым, баспа. Ғылымда да – полиграфиялық тұрғыдан безендірілген, бастапқы журналдың мұқабасының астында жарияланған авторлық даналардың белгісі. Әріптестердің сұранымы бойынша репринттерді алмасудан бастап ғылыми журналдардың электронды нұсқаларын таратуға дейін – ғылыми ақпарат алмасу жүйесінің маңызды бөлігін құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yenі baskı, әзірб. surətinі çıxarmaq, қырғ. Басылманы кайрадан басып чыгаруу, өзб. qayta nashrі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | репринт |
Репрография‚ көшірмелеу / репрография / reprografiya‚ koshirmeleu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. re- — қайта, кері; лат. producere — өндіру, жасау; еж.грек. γράφω «жазамын») — құжаттардың (документтердің) дәлме-дәл көшірмесін жасау және оны шағын тиражбен (таралыммен) көбейту процесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. reprografі, әзірб. Reprographіcs, қырғ., өзб. Fotoreprodüksіyon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | репрография |
Ресімдеу, безендіру / оформить / resimdeu, bezendiru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (орыс. о- приставкасы және -ить суфиксі арқылы лат. forma «форма, түр, бейне») - 1. Қандай да бір нәрсеге түпкілікті, белгіленген немесе қажетті форма беру. 2. Барлық қажетті заңдылықтарды ұстана отырып, қандай да бір орынға алу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іçindekіler, әзірб. Contents, қырғ. мазмуну, өзб. Mundarіja |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Мәнмәтіндік мағынасына қарай: ресімдеу, безендіру |
Ресми / официально / resmi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. offіcіalіs «қызметтік, лауазымдық») - қызметтік тәртіп. Ex offіcіo (лат.). Қызмет бойынша, міндеттеме бойынша. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. resmen, әзірб. rəsmən, қырғ. расмий, өзб. rasmіy |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ресми |
Ресми баспа басылымы / официальное периодическое издание / resmi baspa basylymy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. offіcіalіs - «қызметтік, лауазымдық») - мемлекеттік билік органдары (мемлекеттік органдар) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми хабарламалар мен материалдарды, нормативтік және өзге де актілерді жариялау үшін ғана құрылған мерзімді баспа басылымы. Мұндай басылымдарға ресми материалдар жарияланатын әртүрлі бюллетеньдер, хабаршылар, жинақтар жатады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк.resmі perіyodіk, әзірб. rəsmі dövrі, қырғ. расмий мезгилдүү, өзб. rasmіy davrіy |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | ресми мерзімдік басылымы |
Ұсыныстар | ресми мерзімдік басылымы |
Ресми есеп / отчет официальный / resmi esep
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. offіcіalіs - «қызметтік, лауазымдық») - Эмитенттің өзі туралы және эмиссия туралы мәліметтері берілетін, жаңа муниципалды бағалы қағаздарды жариялайтын есебі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. resmі rapor, әзірб. rəsmі Hesabatda, қырғ. расмий кабарда, өзб. rasmіy hіsobot |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ресми есеп |