В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Сайлау жүйесі / система электоральная / saylau zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + көне-греч. ἤλεκτρον — «янтарь») - дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгеңдей республика Президентін, Мәжліс пен Сенат депуттаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты екі түрі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі дегеніміз сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат арасындағы тепе-тендік қағидасына негізделеді. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше ірі аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Ұсыныстар >Мажоритарлы сайлау жүйесі артық басымдылық және салыстырмалы басымдылық деген екі түрге бөлінеді. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бірінші және екінші қайта да¬уыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өтті деп, дауыс берушілердің 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімдері / сроки полномочий избирательных комиссий / saylau komissiyalarynyng okilettilik merzimderi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( лат. commissio «жарыс; біріктіру») - сайлау комиссиясының өз өкілеттіліктерін орындауға берілген құқығы заңмен белгіленген уақыт кезеңі. Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. seçim komisyonları görev süreleri, әзірб. Seçki komissiyalarının səlahiyyət müddəti, қырғ. шайлоо комиссияларынын ыйгарым укуктарынын мөөнөтү, өзб. saylov komissiyalarining vakolat muddatlari
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімдері
Ұсыныстар сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімдері
Сайлау құқығы / право избирательное / saylau quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі абсентеизм деп аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. oy hakkı, әзірб. seçkі hüququ, қырғ. шайлоо, өзб. saylov huquqі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сайлау құқығы
Сайлау округі / округ избирательный / saylau okrugi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) сайлауды өткізу үшін еліміздің әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10. Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іlçe seçіm, әзірб. daіrə seçkі, қырғ. райондук шайлоо, өзб. okrug saylov
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы сайлау округы
Ұсыныстар сайлау округы
Сақтану, бассауғалау / перестраховка / saqtanu, bassaugalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. «securus» - «қамқорсыз») - тәуекелдің алдын алу бойынша шамадан тыс шаралардың тұрмыстық атауы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. güvence, әзірб. əmin, қырғ. кайрадан камсыздандыруу, өзб. іshontіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сақтану
Сақтау режімі / режим хранения / saqtau rezhimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. régіmе лат. regіmen - «басқару, билеу») - тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін климаттық және санитарлық-гигиеналық талаптардың жиынтығы. Климаттық сақтау режімі температураға, салыстырмалы ылғалдылыққа, ауаның құрамындағы газға, ауа алмасу және жарыққа қойылатын талаптарды қамтиды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. depolama modu, әзірб. storage rejіmі, қырғ. сактоо режими, өзб. saqlash rejіmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сақтау режімі
Сақтауға беру, депозиттеу / депонировать / saqtauga beru, depozitteu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. dēpōnō — «қоямын, қалдырамын») - 1. Депозит ретінде енгізу. 2. Сақтауға беру (ратификациялық грамоталар).
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. mevduat, әзірб. əmanət, қырғ. депозиттик, өзб. depozіt
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы депонировать – депозиттеу
Ұсыныстар депозиттеу
Салыстырма тексеріс / сверка / salystyrma tekseris
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) түптелген парақтардың баспа-табағындағы корректуралық түзетулердің қалай жасалғанын тексеруге арналған салыстырып тексеру парақтарын түзету. Гранкалардағы корректуралық түзетулер көп болған кезде гранкалар немесе гранкалардағы түзетуі бар түптелген парақтардағы салыстырылып тексерілуі. Корректорлық жұмыста орындалатын салыстырма тексеріс жолма-жол салыстырма тексерістен және корректуралық баспа-табақтардың бәрін үстірт оқудан тұрады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. uzlaşma, әзірб. barışma, қырғ. yarashuv, өзб. yarashuv
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар салыстырмалы тексеріс
Салыстырмалы талдау / сравнительный анализ / salystyrmaly taldau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. ἀνάλυσις - «жіктеу, ыдырату, еріту») — нысанның жаңа жай-күйі бұрынғы жай-күйімен салыстыру жүргізілетін немесе бір нысанның жай-күйін салыстыру орынды болып табылатын басқа нысанмен салыстырылатын нысандарды талдау әдісі. Салыстырмалы талдау экономиканың ғылыми зерттеулерінде қолданылатын негізгі әдістердің бірі болып табылады. Экономикалық ұғымдарды құру немесе нақтылау салыстырмалы талдау негізінде жүзеге асады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. karşılaştırmalı analizi, әзірб. müqayisəli təhlili, қырғ. салыштырмалуу талдоо, өзб. qiyosiy tahlil
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы салыстырмалы талдау
Ұсыныстар салыстырмалы талдау
Санақ парағы / переписной лист / sanaq paragy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) халық санағының негізгі құжаты. Санақ жүргізу бағдарламасына сәйкес берілген сұрақтарға жауап жазуға арналған бланк болып табылады. Санақ жүргізу әдісіне, сауалнама тәсілдеріне және санақ жүргізу материалдарын әзірлеуге қарай санақ парағының бірнеше түрі болады: Жеке санақ парағы – бір адам туралы мәліметтерді жазуға арналған. Тізім формасындағы санақ парағына пәтерде немесе басқа тұрғын үй ғимаратында тұратын отбасының немесе үй шаруашылығының барлық мүшелері немесе жатақхананың (ұжымдық үй шаруашылығы) барлық мүшелері туралы мәліметтер жазылады. Қазіргі санақ жүйесінде тізім формасындағы санақ парақшасы бір отбасына (үй шаруашылығына) қолданылады. Кейде отбасы мүшелеріне жеке санақ парақшасы жасалып, бір мұқабамен біріктіріледі, оған жалпы отбасы туралы мәліметтер және тұрғын үйдің сипаттамасы жазылады. ЭЕМ-ге деректер енгізуге арналған оқу құралдарын пайдалануға байланысты санақ парақшасы ақпараттың техникалық тасымалдаушысы да бола алады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. anket, әзірб. anket, қырғ. анкета, өзб. savolnoma
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар санақ парағы

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов