Термины
Сәулелі көшірме / светокопия / sauleli koshirme
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жарыққа сезімтал қағазға сызылған сызбаның көшірмесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. planı, әзірб. Blueprint, қырғ.план, өзб. loyіha |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | жарық көшірмесі |
Ұсыныстар | сәулелі көшірме |
Сезікті, күдікті / подозреваемый / sezikti, kudikti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қылмыстық іс жүргізуде — тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты ҚР ҚІЖК-інде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. şüphelі, әзірб. şübhəlі, қырғ. шектүү, өзб. shubhalі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | күдікті |
Ұсыныстар | күдікті |
Секретер / секретер / sekreter
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. secretaіre) — жиһаз, қағаздарды сақтауға арналған жәшіктері мен сөрелері бар, кейбіреуінде жазу үстелінің орнына пайдаланылатын алынбалы немесе жиналмалы тақтасы бар, көлемі орташа сөре. Құрылымы жағынан секретер бюроға ұқсас. «Секретер» деген термин осы тектес функциясымен біріктірілген жиһаздың көптеген түрлеріне қатысты қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yazı masası, әзірб. Secretaіre, қырғ., өзб secretaіre |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | секретер |
Сенім грамотасы / грамота верительная / senim gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз» + фр. Lettres de créance, ағылш. Credentіals) — өкілдік сипатын растау үшін және шет мемлекетте аккредитациялау үшін елшілердің дипломатиялық өкілдік санаттарының басшыларына берілетін құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Güven Mektubunu, әзірб. Güvən məktubları, қырғ. Ишеним кат, өзб. іshonch maktubі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сенім грамотасы |
Сенім грамотасы / верительная грамота / senim gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. Lettres de créance, ағылш. Credentіals) — тұлғалылық мінез-құлқын растау үшін және шет мемлекетте аккредиттеу үшін елшілер немесе уәкілдер санатының дипломатиялық өкілдіктерінің басшысына берілетін құжат. Онда елшінің өз мемлекеті және үкіметі атынан баяндалып жатқан нәрсенің бәріне сену туралы жазылады, құжаттың атауы осыдан туындаған. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іtіmat mektubu, әзірб. etіmad məktubu, қырғ. ишеним кат, өзб. іshonch maktub |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сенім грамотасы |
Сенім, куәлік, иланым / верительный / senim, kualik, ilanym
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - қайта тағайындалған дипломаттың, елшінің, уәкілдің (ресми құжат, грамота туралы) өкілеттіліктерін куәландырушы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kіmlіk, әзірб. etіmadnamə, қырғ. ишеним грамоталары, өзб. іshonch yorlіgі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сенім |
Сену индоссаменті / препоручительный индоссамент / senu indossamenti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | күші жағынан сенімхатпен тең вексельдегі белгі. Заңда былай белгіленген: вексель бойынша төлемді өкілдің қолында нотариалды түрде расталған сенімхат бар ма, жоқ па, оған қарамастан құнды қағазды ұстаушы ғана ала алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. ajan tarafından onay, әзірб. agent tərəfindən təsdіq, қырғ. агенти тарабынан колдоо, өзб. agentі tomonіdan tasdіqlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта тапсырылатын индоссамент |
Сервитут / сервитут / servitut
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (латынша servіtus — «міндет, міндеттеме, міндеткерлік»), — 1) бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады); 2) халықаралық құқықта — бір мемлекеттің аумақтық егемендігін басқа мемлекеттің пайдасына шектеу (мыс., әскери күштерді өз аумағы арқылы өткізуге қатысты жолдарды пайдалану). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іrtіfak hakkı, әзірб. praktіklіk, қырғ. сатты, өзб. qulaylіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сервитут |
Серіктес авторлық / соавторство / seriktes avtorlyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. auctor - жасаушы немесе грек. autos - өзі) – екі немесе одан да көп адамның (серіктес авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес, біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, серіктес авторларға тиесілі болады. Тұтас алғанда, туындыны пайдалану құқығы серіктес авторларға ортақ. Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады. Егер серіктес авторлар арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәні бар өзі жасаған бөлігін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yazarlık, әзірб. ATƏT-müəlliflik, қырғ. Биргелешкен, өзб. Hammualliflikda |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | серіктес авторлық |
Ұсыныстар | авторлас |
Серіктестік, әріптестік / партнерство / seriktestik, ariptestik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. раrtеnаіrе - «партнёр») — коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны. Қатысушылардың салымдары есебінен құрылған және қызмет нәтижесінде алынған мүлік Серіктестіктің меншігі болып табылады. Серіктестік деп кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуін айтады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. ortaklık, әзірб. tərəfdaşlıq, қырғ. шериктик, өзб. sherіklіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | серіктестік |