Термины
Слайд-сюжет / слайд-сюжет / slayd-syuzhet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | слайдтар жиынтығы болып табылатын суреттер жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. slayt arsa, әзірб. Slіde süjet, қырғ., слайд участогу өзбSlіde fіtna |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | слайд-сюжет |
Слайд-шоу / Слайд-шоу / Slayd-shou
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | алдын ала таңдалған белгілі бір тақырыпқа қатысты қозғалмайтын суреттер топтамасын проекциялық экран немесе электронды мониторинг арқылы көрсету. Әрбір сурет ауысқанша бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін көрсетіліп тұрады. Бейнені ауыстыру белгілі бір уақыт интервалы арқылы қолмен, сондай-ақ бірдей уақыт аралығы арқылы автоматты түрде ауыстырылуы мүмкін. Бұл термин 1970 жылдардың басында пайда болған, бұл кезде музыкалық шығармалар ойнап тұратын, диапроектор арқылы проекцияланатын шағын форматты слайдтарды ұжым болып көру танымал болған. Қазіргі слайд-шоу фотосуреттерден, сондай-ақ суреттер, диаграммалар, кестелер және мәтін құжаттары сияқты басқа да графикалық ақпараттан тұрады. Слайд-шоу білім алу мақсаттары, ойын-сауық үшін, сондай-ақ презентация түрінде де қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Slayt gösterіsі, әзірб. Slіdeshow, қырғ.слайдшоу, өзб. Slayd |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Слайд-шоу |
Слайдхана / слайдотека / slaydkhana
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | [ағылш. slіde және грек.. thēkē қойма, жәшік] - слайдтардың жинағы, іріктемесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. slaydoteka, әзірб. slaydoteka, қырғ. слайдотека, өзб. slaydoteka |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | слайдхана |
Смета / смета / smeta
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | алдағы шығыс пен кірісті есептеу; материалдық және ақшалай қаражаттың жұмсалуы мен түсуінің жоспары, яғни кәссіпорындар мен ұйымдардың шығысын қаржыландыру үшін ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуының құжатталған жоспары. Өндірістік кәсіпорындарда өндіріске арналған шығынның сметалары жасалады, оларда шығын жекелеген элементтер бойынша топтастырылады. Атап айтқанда, кәсіпорындарда өндіріске арналған жұмсалатын шығынды жоспарлау кезінде көмекші өндірістің цехтар бойынша шығыны, өнімнің жаңа түрлерін, іске қосылатын объектілерді дайындауға және игеруге, арнаулы технологиялық жарақтарға жұмсалатын шығынның, тасымалдау-дайындау шығынының, өндіріске қызмет көрсетуге, машиналар мен жабдықтарды басқаруға күтіп ұстауға, пайдалануға жұмсалатын шығынның, жалпы өндірістік, коммерциялық және басқа шығынның сметалары жасалады. Құрылыс ұйымдарында құрылыстың сметалық құны айқындалады. Бюджеттен қаржыландырылатын бейөндірістік ая ұйымдары бюджеттік мекеменің сметасын жасайды. Смета есебінің негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің жоспарлы кезеңдегі сандық (көлемдік) көрсеткіштері (жыл, тоқсандарға бөлінген), құрылыс жобаларының көрсеткіштері, техникалық-экономикалық нормалар, нормативтер, тарифтер, бағалар, бағалықтар және т.б.) жатыр. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tahmin, әзірб. qiymət, қырғ. баалоо, өзб. baholamoq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | смета |
Ұсыныстар | смета |
Сметалық нормалар / сметные нормы / smetalyq normalar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. norma — сөзбе сөз аударғанда «жапсырма, ұстатқыш») - құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін қолданылатын нормативтер жүйесі. Арналу мақсатына, жұмыстардың түрлеріне, ірілендірілу дәрежесіне, құрылыс салаларына; үймереттер мен ғимараттардың арналу түрлеріне қарай топтастырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tahmini standartları, әзірб. smeta standartları, қырғ. баа берүү стандарттары, өзб. smeta standartlari |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сметалық нормалар |
Ұсыныстар | сметалық нормалар |
Сот актілері / судебные акты / sot aktileri
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. actus — «әрекет»). Істің мән-жайы бойынша қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі шешетін соттың құқық қолдану актісі. Соттар бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанциялары болып бөлінеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yasal işlemleri, әзірб. məhkəmə aktları, қырғ. сот актыларын, өзб. sud hujjatlari |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сот актілері |
Ұсыныстар | сот актілері |
Сот ісін жүргізу, сотта іс жүргізу / судопроизводство / sot isin zhurgizu, sotta is zhurgizu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңмен белгіленген өндіріс тәртібі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kovuşturma, әзірб. proses, қырғ. сот, өзб. ish |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сот ісін жүргізу, сотта іс жүргізу |
Сот отырысының хаттамасы / протокол судебного заседания / sot otyrysynyng khattamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. πρωτόκολλον - «алдыңғы жағынан желімделген») - сот қаулысына негіз болатын сот пен процеске қатысқан адамдардың құқықтарының, жарыспалылық, тараптардың тең құқықтығы және басқа да қылмыстық сот өндірісінің қағидаттарының сақталуы, өткізілген сот талқылауының объективті, толық және жан-жақты болуы жөнінде мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қолданылатын, маңызды іс жүргізу құжаты. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. mahkeme kayıtları, әзірб. məhkəmə qeydlərі, қырғ. сот жазуулар, өзб. sud yozuvlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сот отырысының хаттамасы |
Сот сараптамасы / судебная экспертиза / sot saraptamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. expertus - «тәжірибе бойынша білуші»). Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу. Сот сараптамасы мынадай принциптерге: заңдылықка; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігіне; зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне; кұзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке; кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. Тергеу практикасында өткізілетін сараптама олардың мәні, объектісі, зерттеу тәсілі және т.б. бойынша сәйкестендіріледі. Сараптама: криминалистік, медициналық, соттық-психиатриялық, биологиялық, каржылық-экономикалық инженерлік-көліктік, инженерлік-техникалық, құрылыстық-техникалық және т.б. болып бөлінеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. adli inceleme, әзірб. məhkəmə-tibb ekspertizası, қырғ. соттук-экспертиза, өзб. sud ekspertiza |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сот сараптамасы |
Ұсыныстар | сот сараптамасы |
Сот ұйғарымы / сот ұйғарымы / sot uygarymy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Азаматтық істі қарастыру барысында процессуалды сипаттағы мәселелер шешімін табатын бірінші инстанциядағы соттың актісі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. adlі tayinі, әзірб. məhkəmə müəyyən, қырғ. сот аныктоо, өзб. sud belgіlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар |