В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Сот шешімі / судебное решение / sot sheshimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Бірінші инстанция сотының азаматтық іс бойынша шығаратын актісі. Сот шешімі кіріспе, сипаттама, негіздеме және шешуші бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде соттың толық атауы, шешім шығару уақыты мен орны, даудың мазмұны, іске қатысушы тұлғалар көрсетіледі. Сипаттама бөлімінде талапкердің талабы, жауапкердің қарсылығы және басқа қатысушылардың түсініктемелері жазылады. Негіздеме бөлімінде соттың істі қалай шешу керек екендігі туралы тұжырымы айтылады. Осы бөлімде тұжырымға негіз болған мән-жайлар, дәлелдемелерді қабылдамаудың дәйектері көрсетіледі, яғни іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалайды, сондай-ақ талаптың негізділігі жөніндегі соттың тұжырымы және сот сүйенген құқықтық нормалар көрсетіледі. Ал шешуші бөлімде талапты қанағаттандыру не одан бас тарту және сот шығындарын өтеу жөніндегі соттың қаулысы көрініс табады. Осы бөлімде шешімді шағымдау мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Сот шешімі заңды (яғни іс бойынша қолданылуы тиіс материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкес) және негізді (сот талқысында анықталған мән-жайларға орай) болуға тиіс.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yargı, әзірб. qərar, қырғ. чечим, өзб. hukm
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы сот шешімі
Ұсыныстар сот шешімі
Сот-сараптама қызметі / судебно-экспертная деятельность / sot-saraptama qyzmeti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. expertus - «тәжірибе бойынша білуші»). Арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестiң не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызмет.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Adli tıp uzmanı faaliyetleri, әзірб. məhkəmə ekspert fəaliyyəti, қырғ. Соттук-эксперттик иш, өзб. ekspertiza faoliyati
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сот-сараптама қызметі
Сот-техникалық сараптама / судебно-технической экспертизы / sot-tekhnikalyq saraptama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. τέχνη - «өнер» + лат. expertus - «тәжірибе бойынша білуші»). Бұл криминалистика, сондай-ақ жаратылыстану және техникалық ғылымдар деректеріне негізделген сараптамалық білім саласы. Сот-техникалық сараптаманың мәні – мыналарды анықтаумен байланысты істің мән-жайы болып табылад:
Түркі тілдерінде қолданылуы >1) құжатты дайындау тәсілі;
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >2) құжаттың мазмұнын өзгерту фактісі мен тәсілі;
Ұсыныстар >3) әлсіз көрінетін және көрінбейтін жазбалардың мазмұны;
Соттылық / подсудность / sottylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. yargı, әзірб. yurіsdіksіyası, қырғ. укук коргоо, өзб. yurіsdіktsіya
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар соттылық
Соттың көшпелі сессиясы / сессия суда выездная / sottyng koshpeli sessiyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) КСРО-да соттың қылмыстық істі сотталушының немесе зардап шегушілердің қылмыстық істі жасаған жерінде, тұрғылықты, жұмыс істейтін немесе оқитын жерінде қарастыру, азаматтық істе қуынушы немесе жауапкердің тұрғылықты жері, жұмысы немесе оқу орны бойынша қарастыру. Соттың көшпелі сессиясын өткізудің мақсаты – қоғамның назарын аталмыш процеске аударту, оның азаматтарға деген тәрбиелік әсерін күшейту, заңдардың бұзылуына деген төзбеушілік жағдайын жасау, жаңа құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу. Соттың көшпелі сессиясында орташа алғанда, сотқа айыптау қорытындысы шығарылған шамамен 25% қылмыстық іс, талап арыз беру өндірісінде 7-9% азаматтық іс келіп түседі. Соттың көшпелі сессиясын өткізу туралы мәселені шешу кезінде сот іс-әрекеттің сипатын, сол қылмыс түрінің таралуын ғана емес, сондай-ақ қоғамның кеңінен талқылауын қажет ететін оны жасау мотивтері мен жағдайын назарға алады. Соттың көшпелі сессиясын өткізу туралы мәселені бастама етіп соттың өзі ғана емес, сондай-ақ прокурор да көтере алады; бұл туралы сотталушының немесе жәбірленушінің (қылмыстық істер бойынша), қуынушы немесе жауапкердің (азаматтық істер бойынша) тұрғылықты жері, жұмыс орны немесе оқу орны бойынша қоғамдық ұйымдар өтініш білдіре алады. Соттың көшпелі сессиясын жүргізу туралы шешім соттың қаулысында немесе соттың сотқа беру туралы (қылмыстық істер бойынша), сотты сот талқылауына белгілеу туралы (азаматтық істер бойынша) анықтамада жасалады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. eyre, әзірб. Eyre, қырғ. Эйр, өзб. Eyre
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар соттың көшпелі сессиясы
Сөз сөйлеу; сөйленген сөз / выступление / soz soyleu; soylengen soz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - сөз, жиналыстағы сөз сөйлеу, сондай-ақ әртістің көпшілік алдындағы ойыны.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. nutq, әзірб. çıxış, қырғ. сүйлөө, өзб. nutq
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сөз сөйлеу; сөйленген сөз
Спектрограмма / спектрограмма / spektrogramma
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) сигнал қуатының спектральды тығыздығының уақытқа тәуелділігін көрсететін сурет. Спектрограммалар музыка, радио және гидролокация сияқты әртүрлі салаларда жануарлардың дыбыстарын талдау, сөйлеуді сәйкестендіру, сөйлеуді өңдеу үшін қолданылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. spektrogram, әзірб. spectrogram, қырғ.спектрограмма, өзб. spektrogram
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы спектрограмма
Ұсыныстар спектрограмма
Спикер / спикер / spiker
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. Speaker, сөзбе-сөз — «шешен») — парламент палатасының төрағасы. Бұл термин саяси лексикада кеңінен таралған, алайда ресми түрде тек ағылшын тілді елдерде ғана пайдаланылады. Парламент төрағасы деген қызмет алғаш рет 1377 жылы Қауымдар палатасында енгізілген болатын, алғашқы спикері Томас Хангерфорд (Thomas Hungerford) болды. Спикердің негізгі қызметтеріне мыналар жатады: парламент палатасының отырыстарын ұйымдастыру (регламенттің сақталуын қадағалау, жеке депутаттарға сөз беру, дауыс беру нәтижелерін жариялау) және оның лауазымды тұлғаларына басшылық ету жатады. Сонымен қатар спикер биліктің басқа тармақтарымен қарым-қатынас жасаған кезде өкіл болады. Кей жағдайларда төраға парламенттің көшбасшысы болып табылады және басқа депутаттардың қолы жетпейтін құзыреттіліктер мен билікке ие болады. Ол көрнекті саяси тұлға және де заң шығару процесінің барысына айтарлықтай ықпал етеді. Бірқатар елдерде президент лауазымының орны бос болса, оның міндетін атқарушы болып бір немесе бірнеше палаталардың спикерлері бірден тағайындалады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. konuşmacı, әзірб. nаtiq, қырғ. сүйлөгүч, өзб. notiq
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы спикер
Ұсыныстар спикер
Стандарттау / стандартизация / standarttau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( ағыл. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - стандартты, яғни шикізатқа, дүмбілзатқа, материалдарға, өндірістік үдерістерге, дайын бұйымдарға және т.б. қойылатын бірыңғай нормалар мен талаптарды белгілеу. Нақты өнім, көп қайтара қолданылатын, ғылымда, техникада, өндірісте, бейөндірістік аяда, халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын нормалар, талаптар, әдістер, терминдер, таңбалаулар стандартталуға тиіс. Сәйкестендіру стандарттау болып табылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы стандарттау
Ұсыныстар стандарттау
Стандарттық үлгі / стандартный образец / standarttyq ulgi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( ағыл. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - заттың (материалдың) қасиетін немесе құрамын сипаттайтын бір немесе одан да көп шамалардың мәндерін метрологиялық аттестаттау нәтижесінде белгіленетін зат (материал) үлгісі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. standart numune, әзірб. standart nümunə, қырғ. стандарттык үлгү, өзб. standart namunasi
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы стандарттық үлгі
Ұсыныстар стандарттық үлгі

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов