- a
- a
- a
Еңбек қатынастарын бұзу / Расторжение трудовых отношений
ҚР Еңбек кодесінің жаңа нұсқасына сәйкес ұйым басшысының жеке құрам бойынша бұйрықтарының (өкімдерінің) үлгі нұсқалары
Еңбек қатынастарын бұзу
2.1 Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу.
2.2 Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы.
2.3 Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.
2.3.1 Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылғанда не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда бұзылуы.
2.3.2 Жұмыскерлер саны немесе штатының қысқартылуы.
2.3.3 Жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендегені.
2.3.4 Аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі.
2.3.5 Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеуі.
2.3.6 Денсаулық жағдайының орындайтын жұмысын жалғастыруға кедергі келтіріп, жалғастыру мүмкіндігін болдырмауы салдарынан жұмыскердің атқарып жүрген лауазымына немесе жұмысына сәйкес келмеуі.
2.3.7 Сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесінің дұрыс болмауы.
2.3.8 Жұмыскердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмауы.
2.3.9 Жұмыскердің жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдалануы.
2.3.10 Тиісті актімен расталған, алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық күйге түсіретін заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы.
2.3.11 Жұмыскердің, өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзуы.
2.3.12 Жұмыскердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекетін жасауы, және мұның заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталғаны.
2.3.13 Ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін жұмыскердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болған жағдайда.
2.3.14 Тәртіптік жазасы бар жұмыскердің еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамағаны немесе тиісінше қайталап орындамағаны.
2.3.15 Еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, жұмыскердің жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынуы.
2.3.15 Еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, жұмыскердің жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынуы.
2.3.16 Жұмыскердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпауы.
2.3.17 Соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімін жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін оның ереуілге қатысуды жалғастыруы.
2.3.18 Тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскердің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы.
2.3.19 Жұмыскердің жұмыс берушіге белгісіз себептермен бір айдан астам жұмыста болмауы.
2.4 Жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуы.
2.5 Еңбек шартының жұмыскердің бастамасы бойынша бұзылуы
2.6 Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар
2.6.1. Жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыскерге берілген жұмысқа орналасу немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайтарып алуы не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімінің өтуі.
2.6.2. Жұмыскер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімінің заңды күшіне енуі.
2.6.3. Жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кетті деп тануы.
2.6.4. Сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы, соның салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігінің болмауы.
2.6.5. Бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскердің жұмысына қайта алынуы.
2.7 Жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы.
2.7.1 Жұмыскердің жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартуы
2.7.2 Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскердің жұмысты жалғастырудан бас тартуы.
2.7.3 Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартуы.
2.8 Жұмыскердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі болмайтын сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе лауазымға тағайындалуы.
2.9 Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы.
2.9.1 Медициналық қорытынды негізінде жұмыскердің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындауға еңбек шартының жасалуы.
2.9.2 Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартының жасалуы.
2.9.3 Еңбек шартының еңбек Кодексінiң 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдармен жасалуы.
Обсуждение (0)
Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться